Accessibility links

Әзербайжанда тыңшылық айыбымен екі тұрғын тұтқындалған


Баку көшесінде. (Көрнекі сурет.)
Баку көшесінде. (Көрнекі сурет.)

Әзербайжанда тыңшылықпен айналысып, мемлекетке опасыздық жасаған деген күдікпен жергілікті азаматтар Эльшан Амири мен Эльчин Бабаев тұтқындалған. Екеуінің ақпанның 20-сы күні қамауға алынғаны туралы ақпарат бүгін мәлім болды.

Эльшан Амири мен Эльчин Бабаевқа Әзербайжан құқық органдарындағы, қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі құпия болып саналатын қызметкерлер құрамы мен әскери әлуеті, сонымен бірге стратегиялық маңызы бар мемлекеттік нысандар туралы ақпарат жинап, шетелдік арнайы қызметтерге берген деген айып тағылып отыр. Нақты қай елдердің арнайы қызметі екені ресми ақпаратта айтылмаған.

XS
SM
MD
LG