Accessibility links

АҚШ-та кейбір БАҚ өкілдерін Ақ үйдегі баспасөз жиынына кіргізбеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Ақ үйде тұрақты өтетін баспасөз брифингіне CNN телеарнасы мен The New York Times, Los Angeles Times, Politico, BuzzFeed және The Daily Mail басылымдары тілшілерін кіргізуден бас тартқан.

CNN телеарнасының хабарлауынша, Ақ үйдегі брифингке консервативтік ұстанымдағы Breitbart News, The Washington Times және One America News Network басылымдары журналистері қатысқан. Associated Press агенттігі мен The Time журналы тілшілері брифингтен шеттетілген журналистермен ынтымақтастығын білдіріп, баспасөз мәслихатына қатысудан бас тартқан.

Ақ үй әкімшілігі әзірше бұл жағдайға байланысты түсініктеме берген жоқ.

Жұма күні президент Трамп жалған хабар ("fake news") тарататын және аты-жөні аталмаған ақпарат көздеріне сілтеме жасайтын баспасөз құралдарын қатты сынаған. Ол жалған хабар тарататындар "адамдардың жауы" деп атаған. Сонымен бірге Трамп БАҚ-қа қарсы емес екенін және адал журналистиканы өзіне жау санамайтынын мәлімдеген.

Өткен аптада АҚШ президенті NBC, ABC, CBS, CNN телеарналары мен The New York Times басылымын "АҚШ халқының жауы" деп атаған.

XS
SM
MD
LG