Accessibility links

Еуропаның адам құқығы соты Ресейден Дадин жайлы түсінік талап етті


Азаматтық белсенді Ильдар Дадин қарсылық акциясында тұр. (Мұрағаттағы сурет.)

Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты Ресей билігінен азаматтық белсенді Ильдар Дадинді неліктен колониядан шығармай отырғанына түсінік беруін талап етті. Белсендінің адвокаты Ксения Костроминаның сөзінше, Страсбург соты Ресей үкіметіне жолдаған талабында Дадинді ақпанның 27-іне дейін қамаудан босату туралы жауап күтетінін айтқан.

Дадиннің адвокаттары белсендіні Ресейдің Алтай аймағындағы 5-колониядан заңсыз шығармай отырғаны туралы Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына шағым түсірген. Дәл осындай шағымды Ресей прокуратурасы мен федералдық жаза орындау қызметіне де жолдаған. Белсендіні бостандыққа шығаруды кешіктіріп отырғаны үшін түзеу колониясына қоғамдық қадағалау комиссиясы жоспардан тыс тексеру жүргізбекші.

Ақпанның 22-і күні Ресей жоғарғы соты Дадинге қатысты қылмыстық істі жабу және белсендінің ақталуға құқылы екені жайлы қаулы шығарған.

34 жастағы Ильдар Дадин - Ресейде рұқсат етілмеген қарсылық акцияларына бірнеше рет қатысқаны үшін сотталған алғашқы тұтқын. 2015 жылғы желтоқсанда сот оны үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен. Кейін Дадиннің жаза мерзімі екі жарым жылға дейін азайтылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG