Accessibility links

Франция президенттігіне кандидаттың әйеліне қатысты тергеу басталған


Франсуа Фийон.
Франсуа Фийон.

Франция қаржы прокуратурасы ел президенттігіне кандидат Франсуа Фийонның әйеліне қатысты іс бойынша тергеу бастаған. Бұл іс бойынша айғақтарды қараумен арнайы өкілеттігі бар тергеу соттар айналысады деп хабарлайды франциялық Le Parisien басылымы.

Қаңтардың соңында кей баспасөз құралдары Фийонның әйелі Пенелопа қағаз жүзінде парламент депутатының көмекшісі болып тіркеліп, еш жұмыс істемесе де жалақы алған деп хабарлаған. Фийон бұл айыптауларды жоққа шығарған. Жанжал салдары оның халық алдындағы беделіне әсер еткен. Фийонның рейтингі күрт төмендеп кеткеннен кейін онымен бірге президенттік сайлауға түсіп жатқан тәуелсіз кандидат Эммануэль Макрон озған.

Ақпанның 24-і жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, сайлауға түсіп жатқандар арасында "Ұлттық майдан" әсіре оңшыл партиясының жетекшісі Марин Ле Пен 26 пайыз дауыспен бұрынғысынша бірінші орында тұр. Екінші орындағы оңшыл кандидат Эманнуэль Макронға сауалнамаға қатысушылардың23 пайызы қолдау танытқан. Үшінші орында Фийон тұр.

XS
SM
MD
LG