Accessibility links

БАҚ: Германия барлау қызметі журналистерді аңдыған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германияның федералдық барлау қызметі (BND) ондаған жылдар бойы халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін бақылауда ұстаған деп жазады Der Spiegel журналы. Басылымның ақпараты бойынша, Германия сыртқы барлау қызметі америкалық және британдық басылымдар журналистерін аңдыған.

1999 жылдан бастап германиялық барлау қызметі халықаралық басылымдардың 50-ге жуық телефон нөмерлерін, электронды пошталары мен факстерін бақылап отырған деп хабарланды. Олардың арасында Лондондағы ВВС телеарнасы мен оның Ауғанстандағы өкілдігі, The New York Times газеті мен Reuters агенттігінің Ауғанстан, Пәкістан және Нигериядағы бюролары аталады.

Германия билігі бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме беруден бас тартты.

"Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымы германиялық барлау қызметінің іс-әрекетін "сөз бостандығына шабуыл" деп атаған. Ұйым белсенділері өзге журналистік одақтармен бірлесіп арнайы қызметке қарсы шағым түсірмекші. BBC телеарнасы да барлау қызметінің аңдығаны туралы ақпаратқа қатысты алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG