Ресей астанасында "Газель" автокөлігінен өлі күйінде табылған қазақстандық екі азаматтың кімдер екені анықталды деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
Елшілік ақпараты бойыша, қаза тапқан Қазақстанның екі азаматы - Мәскеуге жүк алуға барған Маңғыстау облысы тұрғындары Алексей Русланович Баркалов пен Виктор Николаевич Москалев екені анықталған. Алдын ала мәлімет бойынша, оларға иіс тиген болуы ықтимал. Қазаның нақты себебі сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болмақ.
Бұған дейін жұма күні ресейлік ақпарат құралдары Мәскеудің Дмитров ауданы аумағында "Газель" автокөлігінен адамның жансыз денелері табылған екі адам Қазақстан азаматтары болуы мүмкін деп хабарлаған.