Accessibility links

Азиада ойындарында қазақстандық биатлоншылар алтын мен күміс алды


Қазақстандық шаңғышы Ринат Мухин Азия ойындарында. Саппоро, 21 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев.)

Жапонияда өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бүгін қазақстандық биатлоншылар командасы алтын және күміс жүлде иеленді деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Аралас эстафетада (әйелдер - 2×6 шақырым, ерлер - 2×7,5 километр) Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун және Ян Савицкий бар қазақстандық спортшылар мәреге бірінші боп жетіп алтын медальді жеңіп алды. Күміс жүлдеге Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов пен Антон Пантов ие болды.

Қола медальді Жапония биатлоншылары алды.

Қазір Қазақстан құрамасы бес алтын, алты күміс және сегіз қола медальмен жалпы есепте Оңтүстік Корея, Жапония, Қытайдан кейін төртінші орында келеді.

Саппородағы 8-қысқы Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

AzattyqTV

AzatNews 20.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG