Accessibility links

Сирияның Хомс қаласында жарылыстардан ондаған адам қаза тапқан


Хомс қаласындағы бүлінген автокөлік қаңқасы. (Көрнекі сурет.)

Сирияның батысындағы Хомс қаласында сенбі күні қауіпсіздік қызметі орналасқан ғимарат маңында болған террорлық шабуылдардан 30-дан аса адам қаза тауып, бірнеше ондаған адам жараланған деп хабарлады сириялық адам құқығын бақылау жөніндегі орталық. Хомс провинциясының билік орындары шабуыл туралы ақпаратты растаған.

Сириялық адам құқығы жөніндегі орталық жетекшісі AFP агенттігіне сұхбатында Хомстағы терактіні алты жанкешті жасаған деп мәлімдеген. Қаза тапқандар арасында сириялық жоғары лауазымды әскерилер бар деп хабарланды. Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, бірнеше жарылыстан кейін қарулы қақтығыстар болып, қала орталығы қоршауға алынған.

Хомста бүгін болған шабуылдарға жауапкершілікті "Әл-Қаида" террорлық ұйымының Сириядағы бөлімі саналатын "Жабхат әл-Нусра" ("Нусра майданы") экстремистік тобы мойнына алатыны туралы мәлімдеме таратқан.

AzattyqTV

AzatNews 25.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:13:21 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG