Accessibility links

Ресей мен Иран ядролық отын жайлы "жол картасын" мақұлдаған


Әли Акбар Салехи.
Әли Акбар Салехи.

Ресей мен Иран биліктері ядролық отынды бірлесіп өндіру туралы "жол картасын" мақұлдаған. Бұл туралы Иранның ядролық энергия жөніндегі ұйымының басшысы Әли Акбар Салехи ISNA агенттігіне мәлімдеген. Оның сөзінше, тараптар Ресей осы салада Иранға кеңеспен көмектесетіні туралы уағдаласқан. Бұл туралы ресейлік Новости агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Иранның ядролық энергия жөніндегі ұйымы басшысы егер АҚШ президенті Дональд Трамп халықаралық арағайындардың қатысуымен жасалған келісімнен бас тартатын болса, онда Тегеран ядролық қару саласындағы іс-әрекетін қайта бастауға әзір деп мәлімдеген.

2015 жылғы шілденің 14-інде Иранның ядролық бағдарламасы жайлы Венада жасалған бірлескен қорытынды іс-қимыл жоспары бойынша Иран жойқын қару жасауға пайдаланылатын плутоний өндірмеуге, 15 жыл бойы өзіндегі 3,67 пайызға дейін байытылған уранды 300 килограмнан асырмауға, ядролық нысандарды қайта жабдықтауға және оны тек қана бейбіт мақсатқа пайдалануға міндеттеме алған. Аталған келісім бойынша, Ресей байытылмаған уранды ядролық энергия отыны өндірісіне пайдалану үшін өзіне алуы тиіс болған.

XS
SM
MD
LG