Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева - Азия ойындарының қола жүлдегері


Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарында.
Элизабет Тұрсынбаева Азия ойындарында.

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева қола медаль алды.

Ол негізгі бағдарламада 121,88 ұпай жинап, бірінші нәтиже көрсетті. Ал қысқа бағдарламада 53,16 ұпаймен алтыншы орында тұрған. Қос бағдарлама қорытындысы - 175,04. Алтынды оңтүстік кореялық Дабин Чои (184,54), күмісті қытайлық Ли Зижун (176,60) иеленді. Тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова 132,64 ұпаймен (жеке рекорды) сегізінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ шаңғымен трамплиннен секіруде Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста Жапониядан кейін екінші нәтиже көрсетті. Қола медаль Оңтүстік Корея құрамасына бұйырды.

Қазақстан қазір алты алтын, сегіз күміс, тоғыз қоламен жалпы есепте төртінші орында келеді. Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG