Accessibility links

Ирак генералы Мосулда әскер "өте баяу" жылжығанын айтады


Мосулды жихадшылардан азат ету операциясы. Ирак, 23 ақпан 2017 жыл.
Мосулды жихадшылардан азат ету операциясы. Ирак, 23 ақпан 2017 жыл.

Ирактың солтүстігінде үкімет әскеріне Мосул қаласының батыс бөлігін ұстап тұрған жихадшылар топтары қарсылығын күшейткен. Генерал Абдул-Уахаб ас-Саади Associated Press агенттігіне өз әскері «өте баяу» ілгерілеп бара жатқанын, жихадшылар мина орнатылған көліктерді, мергендер мен қарумен жабдықталған ондаған дрон пайдаланатыны туралы айтқан. Жүздеген бейбіт тұрғын шайқас болып жатқан аймақтан кетуге мәжбүр болған.

Генерал дроннан берілген соққыдан қаза болғандар саны айтарлықтай көп емес, бірақ ондаған сарбаздың жеңіл жарақаттануы әскердің алға жылжуы кідірген деген.

Генерал ас-Саади үкімет күштері Мосулдың оңтүстік-батысындағы территория мен инфрақұрылым нысандарын алғаннан кейін әскер алға қарай жылдамырақ жылжиды деп үміттенеді.

Ирак армиясы қаңтар айында Мосулдың шығыс бөлігі қарулы жихадшылар тобынан толық тазартылғаны туралы мәлімдеген. Үкімет күштері 2016 жылғы қазан айында Мосулды радикалды исламшылдардан босату үшін ірі әскери операция бастаған.

XS
SM
MD
LG