Accessibility links

АҚШ демократиялық партиясы жаңа лидерін сайлады


US -- US Labor Secretary Tom Perez speaks at the 84th annual Winter Meeting of The United States Conference of Mayors in Washington, DC, on January 21, 2016. / AFP PHOTO / Nicholas Kamm
US -- US Labor Secretary Tom Perez speaks at the 84th annual Winter Meeting of The United States Conference of Mayors in Washington, DC, on January 21, 2016. / AFP PHOTO / Nicholas Kamm

АҚШ-тың бұрынғы еңбек министрі Том Перез Демократиялық партияның ұлттық комитеті басшысы болып сайланды. Атлантада өткен демократтар съезі өткен жылғы президент сайлауында жеңіліп қалған Хиллари Клинтонның орнына партия басшылығына жаңа лидерін таңдады.

Партия жетекшілігіне Перезбен бірге АҚШ конгресіне сайланған тұңғыш мұсылман Кит Эллисон де дауысқа түскен. Дауыс берген 450-ге жуық адамның 235-і Перездің кандидатурасын қолдаған.

Том Перез АҚШ-қа Доминикан елінен қоныс аударған мигранттар отбасында дүниеге келген. Саяси серіктері алдында сөйлеген сөзінде Перез демократиялық партияға реформа жүргізуге және АҚШ президенті Дональд Трамп қабылдаған шараларға қарсы күресуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG