Accessibility links

Италия "Берлин терроршысымен" байланысы болған босқынды елден шығарды


Италия полициясы. (Көрнекі сурет.)
Италия полициясы. (Көрнекі сурет.)

Италия билік орындары Берлинде өткен жылдың желтоқсанында теракт жасаған Анис Амримен байланысы болған Тунистен келген босқынды елден депортациялаған. Германиялық DPA агенттігінің хабарлауынша, террорист 2015 жылы маусымда хабарласқан абоненттердің бірі осы ер адам екені анықталған.

Италия ішкі істер министрлігінің хабарламасында радикалды исламшылдармен байланысы үшін екі жылдың көлемінде елден барлығы 150-ге жуық адам шығарылғаны, олардың 15-і биыл депортацияланғаны айтылған.

2016 жылғы желтоқсанның 19-ы күні кешке 24 жастағы тунистік Анис Амри жүк көлігімен Берлиннің орталығындағы базарға келген жұртты таптап өткен. Шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алған. Бұл шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мәлімдеме таратқан. Терактіден соң Италияға қашқан Амри бірнеше күннен кейін Италияның солтүстігіндегі Милан қаласында полициямен атыста оққа ұшқан.

XS
SM
MD
LG