Accessibility links

Галина Вишневская Азия ойындарындағы төртінші алтынын алды


Биатлоннан Азия ойындарының чемпионы Галина Вишневская. Саппоро. 23 ақпан 2017 жыл (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).
Биатлоннан Азия ойындарының чемпионы Галина Вишневская. Саппоро. 23 ақпан 2017 жыл (Сурет авторы - Данияр Майлыбаев).

Жапонияның Саппоро қаласына өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская масс-старт жарысында жеңіске жетті. Күмісті те Қазақстан спортшысы Алина Райкова алды. Мәреге үшінші болып тағы бір қазақстандық Дарья Усанова келді. Ал төртінші нәтижені жапониялық Фуюко Тачизаки көрсетті.

Азия ойындарының ереже бойынша бір елдің спортшыларына алтын, күміс, қола берілмейді. Сондықтан қола медальды үшінші келген Усанова емес төртінші нәтиже көрсеткен жапониялық Тачизаки иеленді.

Галина Вишневская бұған дейін спринт, із қуып жарысу және эстафета жарысында да алтын алған.

Ерлер арасындағы масс-старт жарысында қазақстандық Ян Савицкий Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол бұған дейін спринттік жарыста алтын иеленген.

Қазақстан сегіз алтын, тоғыз күміс, он қоламен жалпы есепте Жапония, Оңтүстік Корея, Қытайдан кейін төртінші орында келеді. Азия ойындарының жабылу салтанаты бүгін, 26 ақпанда Астана уақытымен 15.00-де болады.

XS
SM
MD
LG