Accessibility links

Шығыс Қазақстанда тікұшақ жоғалып кеткен


Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар жоғалып кеткен тікұшақты іздестіріп жатыр деп хабарлайды Tengrinews агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Екі жолаушы мен бір ұшқыш мінген жеке меншік С-341 тікұшағы Үржар ауданындағы Қожа ауылынан сенбі күні ұшып шыққан соң хабарсыз кеткен. Куәгерлер тікұшақтың Айғыз ауылы үстімен ұшып өткенін көрген. Тікұшақ Айғыз бен Ақшатау ауылдары арасында жоғалған деген болжам жасалып отыр. Екі аралықтың қашықтығы 100 шақырымды құрайды.

Жоғалған тікұшақты іздеумен Үржар және Аягөз аудандары төтенше жағдай бөлімдерінің қызметкерлері айналысып жатыр деп хабарланды. Сонымен бірге іздеу аймағына Өскемен мен Семейден құтқарушылар тобы аттанған.

XS
SM
MD
LG