Accessibility links

Қазақстан Азия ойындарында төртінші орын алды


Қазақстан делегациясы Саппородағы қысқы Азия ойындарында. 19 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев.)
Қазақстан делегациясы Саппородағы қысқы Азия ойындарында. 19 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы-Данияр Майлыбаев.)

Жапонияның Саппоро қаласында 8-қысқы Азия ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 9 алтын, 11 күміс және 12 қола медальмен жалпы командалық есепте 4-орын иеленді.

Бірінші орынды осы жарысты ұйымдастырушы ел Жапония (27 алтын, 22 күміс, 25 қола), екінші орынды - Оңтүстік Корея (16-17-16), үшінші орынды - Қытай (13-13-9) алды. Бесінші орында бір қола медальмен Солтүстік Корея тұр.

Қазақстан бұған дейін 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындарында 32 алтынмен жалпы есепте бірінші орын алған еді.

Келесі қысқы Азия ойындары 2021 жылы өтуі тиіс. Азия олимпиада комитеті бұл жарыс қай қалада өтетіні әлі анықталмағанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG