Accessibility links

Павлодар облысында пойыз қозғалысы қалпына келгені хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Павлодар облысында вагондардың темір жолдан шығып кетуі салдарынан тоқтап қалған пойыз қозғалысы қайта қалпына келді. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы таратқан ақпаратта ақпанның 26-сы күні Екібастұз-2 – Ерейментау арасындағы темір жолда пойыз қозғалысы толық қалпына келгені туралы айтылған.

"Қазіргі уақытта пойыздардың жүруіне жол ашылды. Бөгелген пойыздар жолаушыларына баратын жеріне жеткен соң "Темір жол көлігі" туралы заңға сәйкес толық өтемақы алуына болады" деп хабарлайды ұлттық компания баспасөз қызметі.

Бұған дейін сенбі күні сағат 12.25 шамасында Павлодар облысындағы Шідерті-Бозшакөл темір жол бөлігінде көмір тиеген бірнеше жүк вагоны темір жолдан шығып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Адамдар зардап шекпеген деп хабарланды.

Төтенше оқиға салдарынан Лениногорск-Астана, Павлодар-Астана, Астана-Защита, Астана-Павлодар, Астана-Лениногорск жолаушылар поездары кестедегі уақытынан бірнеше сағатқа кешіккен.

XS
SM
MD
LG