Accessibility links

Шығыс Қазақстандағы тікұшақ апатында ұшқыш қаза тапқан


Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақта болған үш адамның біреуі қаза тапқан, біреуі тірі табылған деп хабарлады Tengrinews сайты Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Оның сөзінше, сенбі күні жоғалып кеткен тікұшақтың Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерге құлағаны бүгін анықталған.

«Ұшқыш қаза тапқан, бір жолаушы тірі күйінде табылған, оны Айғыз ауылына жеткізеді, үшінші адамға қатысты мәлімет анықталып жатыр» деген Иманқұлов.

Оның айтуынша, ауа райының қолайсыздығынан жолдардың жабылуы құтқарушылардың апат болған жерге көлікпен жетуін қиындатқан.

Екі жолаушы мен ұшқыш мінген жеке меншік С-341 тікұшағы Үржар ауданындағы Қожа ауылынан сенбі күні ұшып шыққан соң хабарсыз кеткен. Куәгерлер тікұшақтың Айғыз ауылы үстімен ұшып өткенін көрген.

XS
SM
MD
LG