Accessibility links

Киевте Қырым тұрғындарын қолдау маршы өтіп жатыр


2014 жылғы ақпанның 26-сы күні Қырымдағы митингі кезінде түсірілген сурет.
2014 жылғы ақпанның 26-сы күні Қырымдағы митингі кезінде түсірілген сурет.

Киевте Украинада бүгін атап өтілетін "Ресей оккупациясына қарсы Қырым қарсылығы күніне" орайластырылған "Ынтымақтастық маршы" ұйымдастырылды. Бұдан тура үш жыл бұрын, 2014 жылы ақпанның 26-сы күні Қырымда Украинаның территориялық тұтастығын қолдау митингісі өткен еді. Сол күннің ертеңінде Ресейдің арнайы әскери жасағы Қырым Жоғары Кеңесі ғимаратын басып алған. 2014 жылы мамырда Ресей Қырым түбегін аннекиялаған.

Украина билігі Ресей аннексиялаған Қырым түбегі "уақытша оккупацияда" деп атайды.

Украина президенті Петр Порошенко бүгін: "Қырым – бұл Украина екенін бүкіл әлем біледі. Біз күресті жалғастырамыз" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG