Accessibility links

Апатқа ұшыраған тікұшақта екі адам болғаны хабарланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған тікұшақта екі адам болған, оның бірі тірі қалған деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі. Бұған дейін осы мекеме өкілі тікұшақта ұшқыш пен екі жолаушы болғаны туралы хабарлаған. Апат салдарынан ұшқыш қаза тауып, тірі қалған жолаушыны Айғыз ауылына алып кеткен деген ақпарат тараған еді.

Жеке меншік С-341 тікұшағымен сенбі күні кешке байланыс үзілген. Ресми ақпарат бойынша, Үржар ауданы Қожа ауылынан ұшып шыққан тікұшақ Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына жанармай құю үшін қонуға тиіс болған. Алайда сол күйі хабарсыз кеткен тікұшақтың апатқа ұшырағанын жексенбі күні оны іздеуге шыққан құтқарушылар анықтаған.

XS
SM
MD
LG