Accessibility links

Түркияда Ердоған туралы фильм таныстырылды


Түркия президенті Режеп Ердоған туралы жаңа "Басшы" фильмінен көрініс.
Түркия президенті Режеп Ердоған туралы жаңа "Басшы" фильмінен көрініс.

Түркияда ел президенті Режеп Ердоған туралы "Басшы" деп аталатын жаңа фильм таныстырылды. Фильм Ердоғанның өкілеттігін кеңейтетін конституциялық реформалар қарсаңында, Ердоған 63-ке толған 26 ақпанда таныстырылды. Фильм кинотеатрлардан 3 наурызда көрсетіле бастайды.

16 сәуірде Түркияда конституцияны өзгерту бойынша референдум өтуі тиіс. Конституциялық реформа бойынша парламенттік басқару жүйесін президенттің жүйеге өзгерту, президентке жарлықтар шығарып, төтенше жағдай жариялау, министрлерді тағайындап, парламентті тарату құқығын беру ұсынылған. Реформаға қарсылар түзетулер Ердоған тым артық өкілеттік беріп, оның билігіне қарсы билік тармақтарын әлсіретеді дейді.

Фильмде Түркия басшысының рөлін белгілі актер Реха Бейоглу ойнайды. Картинада Ердоғанның 1999 жылға дейінгі өмірі көрсетіледі. Режиссер Худаверды Явуз фильмінің пропаганда екенін жоққа шығарып, оны түсіруге Түркия президентінің қатыспағанын айтады.

XS
SM
MD
LG