Accessibility links

Лос-Анжелесте "Оскар" жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды


"Оскар" жүлдесі.
"Оскар" жүлдесі.

Лос-Анжелесте Америка киноакадемиясының "Оскар" жүлдесін 89-рет табыстау салтанатты шарасы аяқталды. Режиссер Барри Дженкинстің "Ай сәулесі" фильмі Оскар" жүлдесін "жылдың ең үздік фильмі" номинациясы бойынша жеңіп алды. Шараны жүргізуші әуелде шатасып жылдың үздік фильмі деп жариялаған режиссер Дэмьен Шазеллдің "Ла-Ла-Лэнд" киномюзиклі алты номинация бойынша "Оскар" жүлдесін иеленді. Бұған дейін бұл сыйлықтан басты үміткер "Ла-Ла-Лэнд" картинасы болған еді. Бірақ Дэмьен Шазелл осы фильмі үшін "Оскар" жүлдесін "ең үздік режиссер" номинациясы бойынша жеңіп алды.

"Ең үздік актриса" номинациясы бойынша "Оскарды" "Ла-Ла-Ленд" фильміндегі рөлі үшін актриса Эмма Стоун ұтты. Ал "ең үздік актер" номинациясында жүлдені "Теңіздегі Манчестер" картинасындағы рөлі үшін актер Кейси Аффлек алды.

"Ең үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша "Оскарды" ирандық режиссер Асгар Фархадидің "Коммивояжер" картинасы жеңіп алды. Фархадидің өзі АҚШ президенті Дональд Трамптың иммиграциялық саясатына қарсылық танытып, марапаттау шарасына барудан бас тартты.

Ал Сириядағы соғыс туралы түсірілген "Ақ дулыға" деректі фильмі "Оскар" жүлдесін "ең үздік қысқа метражды деректі фильм" номинациясы бойынша иеленді.

Актриса Махиршала Али мен актриса Виола Дэвис "Ай сәулесі" фильмі мен "Қоршау" фильміндегі екінші пландағы рөлдері үшін Америка киноакадемиясының "Оскар" жүлдесін жеңіп алды.

XS
SM
MD
LG