Accessibility links

Түркістанда әлеуметтік орталықта туберкулез жұқтырғандар саны көбейді


Мұқан Егізбаев, Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы. Шымкент, 27 ақпан 2017 жыл.

Түркістандағы арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында туберкулез жұқтырған науқастардың саны 65-ке жетті. Бұл туралы бүгін ОҚО денсаулық сақтау басқармасында басқарма басшысы Мұқан Егізбаев мəлімдеді.

- Бұл мекемеде психоневрологиялық ауруларға шалдыққан 502 науқас тіркелген. Мұнда 2017 жылдың басында 3 науқастың туберкулезге шалдыққаны жайлы күдік пайда болған. 30-қаңтарда бұл расталып, арнаулы əлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының барлық қызметкерлері мен науқастары толық медициналық тексеруден өткізілді. Нəтижесінде туберкулез диагнозы 502 адамның 65-інде расталды, - дейді департамент басшысы.

Қазір науқастардың барлығы Сарыағаш аудандық туберкулезге қарсы диспансерге ауыстырылған.

Облыстағы 6 арнаулы мекемедегі 1040 науқас тексеріліп жатыр. Қазір олардың жетеуі туберкулезге шалдыққаны анықталды.

Бұдан бұрын 61 науқас туберкулезге шалдыққаны хабарланған. 61 науқастың 52-сі жаңадан, 9-ы бұрын жұқтырған.

Аурудың қайдан және қалай жұққаны анықталып жатыр.

Туберкулез жұқтыруға қатысты бес медицина қызметкеріне шара қолданылып, олардың төртеуі жұмысынан шеттетілген.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG