Accessibility links

Путин: Астанадағы Сирия келіссөзі Женева диалогына серпін берді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Алматы, 27 ақпан 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин. Алматы, 27 ақпан 2017 жыл.

Биыл Астанада өткен Сирия бейбіт келіссөздері Женевадағы БҰҰ ара ағайындық жасап отырған Сирия дағдарысы бейбіт реттеу келіссөзіне серпін беруге септесті деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин бүгін Алматыда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде.

Қаңтарда өткен келіссөздің алғашқы кезеңінде Сирия президенті Башар Асадтың одақтастары Ресей мен Иран және көтерілісшілерді қолдайтын Түркия Сирия үкіметі мен оппозициялық көтерілісшілер арасындағы бітімнің орнайтынын жариялаған. "Ең маңызды нәрсе - бітімді бақылайтын механизм жасалды. Бұл Женева келіссөзінің қайта жандануына негіз болды" деді Путин журналистерге.

Бірақ Сирияда Астанада жасалған бітім содан бері бірнеше рет бұзылды, ал бұл уақытта бітімге қосылмаған "Ислам мемлекеті" сияқты жиһадшыл топтармен қақтығыс күшейген.

Путин Алматыға Орталық Азия елдеріне сапары аясында келді. Бүгін Алматыдан соң ол Тәжікстанға, ертең Қырғызстанға барады.

XS
SM
MD
LG