Accessibility links

Минскіде репрессия құрбандары жерленген жерде құрылыс салуға қарсы шықты


Минск түбіндегі сталиндік репрессия құрбандары жерленген Куропаты орманы.
Минск түбіндегі сталиндік репрессия құрбандары жерленген Куропаты орманы.

Беларусьте белсенділер Минск түбінде 1930-1940 жылдардағы сталиндік репрессия кезінде 30 мың адам қаза тауып, жерленген орынға жақын маңға бизнес орталығын салуға қарсы күресін жалғастырып жатыр. 27 ақпан күні бульдозерлер мен тракторлар Минск түбіндегі Курапаты орманына жақын аймақтан кете бастады. Наразылық танытушы белсенділер техникалар кете бастағанда "Беларусь мәңгілік!" деп ұрандатты.

Алайда, прораб наразыларға 16 ақпанда басталған құрылыс жұмыстарының толық емес, бір күнге уақытша тоқтатылғанын айтты.

Белсенділер құрылысқа қарсылық танытып, тоғай маңында күндіз-түні жүргеніне сегіз күн болды. Олар құрылыс сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын қорлайды деп, оның дереу тоқтатылуын талап етеді.

Наразылыққа оппозициялық партиялар мен қозғалыстардың жетекшілері де қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG