Accessibility links

Омурбек Текебаев екі айға қамалды


Омурбек Текебаевтың соты өтіп жатқан аумақты қоршап тұрған полиция қызметкерлері мен саясаткердің босатылуын талап етіп тұрған жақтастары. Бішкек, 27 ақпан 2017 жыл.
Омурбек Текебаевтың соты өтіп жатқан аумақты қоршап тұрған полиция қызметкерлері мен саясаткердің босатылуын талап етіп тұрған жақтастары. Бішкек, 27 ақпан 2017 жыл.

Қырғызстан соты парламенттегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Омурбек Текебаевты оған қатысты коррупциялық және алаяқтық қылмыс жасау күдігі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында екі айға қамады. Бішкек соты Текебаевты қамауға алуға қатысты санкция шығарған соң Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) саясаткердің СИЗО-ға қамалғанын жариялады.

Президент Алмазбек Атамбаевтың қарсыласына айналған бұрынғы серігі Омурбек Текебаев 26 ақпанда Бішкек әуежайында Венадан ұшып келген беті ұсталған. Заң бойынша, 48 сағат ішінде, яғни 28 ақпан күнгі таңғы сағат 3-ке дейін сот санкция шығармаса ол босатылуы тиіс болатын. МҰҚК-нің мәлімдеуінше, Текебаевқа қарсы іс оның премьер-министр болып тұрғанда "ресейлік бизнесменнен бір миллион доллар көлемінде пара алуына" байланысты қозғалған.

Текебаевтың жүздеген жақтасы 27 ақпанда сот алдында оны босатуды талап етіп акция өткізді. Олар "Ата Мекен" жетекшісін қамау - қарашада өтетін президент сайлауы қарсаңында билікке қарсылардың үнін өшіру әрекеті және Текебаевтың президенттікке өз кандидатурасын ұсынуына кедергі келтіру деп санайды.

XS
SM
MD
LG