Accessibility links

SpaceX Айға турист ұшыруды жоспарлап отыр


SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі (Көрнекі сурет).
SpaceX компаниясының Dragon ғарыш кемесі (Көрнекі сурет).

SpaceX компаниясы келесі жылдың соңында қырық жылдан астам уақыттан бері алғаш рет Айға адам ұшыруды жоспарлап отыр. "Бұл адам сенгісіз әсерлі болмақ" деді журналистерге SpaceX-тің негізін салушы Элон Маск. Ол Айға ұшырылатын екі туристің аты-жөнін және олардың саяхатқа қанша төлейтінін жарияламады. Масктың сөзінше, туристер "Голливуд жұлдыздары" емес және бір аптаға созылатын сапарға "қомақты қаржы салған".

Айда соңғы рет 1972 жылы "Аполлон-17" ғарыш кемесі экипажының астронавтары болған. SpaceX ғарыш кемесін Ай бетіне қондырмай, оның орбитасы арқылы ұшыруды жоспарлап отыр. Алдағы он жылда АҚШ, Жапония, Ресей және Қытайдың Марсқа ұшу миссиясы аясында Айға адам ұшыру жоспары бар.

SpaceX туристерді ғарышқа өзінің NASA-ға арнап Халықаралық ғарыш станциясына экипаж жеткізу үшін жасаған Dragon ғарыш кемесімен ұшырмақ ниетте. Компания ғарыш орбитасына жүк жеткізген, бірақ NASA-ның келесі жылдың ортасына дейін ғарышқа адам ұшыру жоспары жоқ.

XS
SM
MD
LG