Еуропа Одағы (ЕО) мен Армения саяси байланыстарды күшейту туралы жаңа пакт жасауға келісті. Келісім 27 ақпанда Армения президенті Серж Саргисянның Брюссельге сапары аясында жасалды. Келісімге осы жылы, бәлкім мамырда қол қойылуы мүмкін. Армения ЕО-мен еркін сауда жасауды қамтитын ассоциация туралы келісімді 2013 жылы бастап, кейін одан Мәскеудің қысымымен тоқтатқан. 2015 жылы желтоқсанда жаңа келісім жасау туралы келіссөз қайта басталған.
Бірақ соңғы келісім 2013 жылы басталып, тоқтап қалған келісім шарттарындай кең ауқымды емес. Бұл келісімде Грузия, Молдова және Украинаның ЕО-мен жасасқан келісіміндегідей еркін сауда аймағын құру қамтылмаған. Дегенмен, ол Брюссель мен Ереван арасындағы 1999 жылы күшіне енген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге негізделген қазіргі саяси қарым-қатынасты жаңартады.
Арменияның бақталасы Әзербайжан ЕО-мен саяси келісім жасасу туралы келіссөзді осы айдың басында бастаған.