Accessibility links

Қырғызстанның оңтүстігінде Текебаевтың жақтастары тағы жиналып жатыр


Бішкектің орталық алаңындағы Омурбек Текебаевты қолдау акциясы. 27 ақпан 2017 жыл.
Бішкектің орталық алаңындағы Омурбек Текебаевты қолдау акциясы. 27 ақпан 2017 жыл.

Қырғызстанда Жалал-Абад облысының Базар-Қорған ауданына қарасты Акман ауылында парламенттегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі, қамауға алынған Омурбек Текебаевты босатуды талап етіп наразылық акцияларын жалғастырмақ ниетте.

Президент Алмазбек Атамбаевтың қарсыласына айналған бұрынғы серігі Омурбек Текебаев 26 ақпанда Бішкек әуежайында ұсталып, ертесі күні қамауға алынған. Билік оның коррупциялық қылмысқа қатысты тергеу аясында ұсталғанын айтады.

Қырғызстандықтар бүгін Бішкек-Ош тас жолының бойына да жиналып жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. "Ата Мекен" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Кубат Артыков бүгін наразылық акциялары жалғасатынын мәлімдеді.

27 ақпанда Бішкек соты Текебаевты тергеу аясында екі айға қамауға алған. Текебаевтың адвокаты Первомай аудандық сотының бұл шешіміне қалалық сотқа шағымданды. Адвокаттың сөзіне қарағанда, Текебаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы "алдын ала дайындалған".

Текебаев ресейлік бизнесмен Леонид Маевскийдің арызы бойынша ұсталған. Маевский шағымында Текебаевқа 2010 жылы ол премьер-миинстр болып тұрғанда "өзіне Альфа Телеком" телекоммуникациялық компаниясын басқаруға рұқсат беру үшін және артықшылықтар туындатуға бір миллион доллар пара бергенін" айтқан.

27 ақпанда Базар-Қорған ауданында Текебаевтың жүздеген жақтасы оны босатуды талап етіп митинг өткізген. Сол күні Бішкекте де алаңға жүздеген адам шығып, Текебаевты босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG