Accessibility links

Алматыда сот кино түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталған режиссер Талғад Жаныбековті қамау мерзімін ұзартты. Судья оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертпеді.

Кеше өткен алдын ала сот тыңдауында Жаныбековтің адвокаты Серік Айтбаев оны кепілге босатуды сұраған. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Медеу аудандық №2 сотының судьясы Тәкен Шәкіров адвокаттың Жаныбековті кепілге босату өтінішін режиссерге тағылған айыптың ауыр қылмыс түріне жататындықтан қанағаттандырмайтынын мәлімдеген.

Сот осындай себеппен адвокаттар Рена Керімова мен Елена Жигаленоктің өздері қорғайтын "Қазақфильм" компаниясының топ-менеджері Гаухар Ысқақованы босату туралы өтінішін де қанағаттандырмады. Ысқақова да қаржы жымқыру айыбы бойынша сотқа тартылып жатыр. Сот Жаныбековті қамау мерзімін 28 сәуірге дейін, Ысқақованы қамауда ұстау мерзімі 17 сәуірге дейін ұзартты.

Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау 27 ақпанда басталған. Бұл іс бойынша төрт адам, оның ішінде белгілі актер әрі продюсер Тұңғышбай Жаманқұлов және "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина айыпталып отыр. Тағы бес адамға қаржы жымқыруға көмектесті деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG