Accessibility links

Назарбаевтың жиені ҚФФ вице-президенті болды


Қазақстан футбол құрамасының (сары түсті киімде) ойыны (Көрнекі сурет).
Қазақстан футбол құрамасының (сары түсті киімде) ойыны (Көрнекі сурет).

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) халықаралық футбол ұйымдарымен байланыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. ҚФФ ресми сайтында хабарланғандай, мұндай шешімді бүгін федерацияның атқару комитеті қабылдаған.

Айсұлтан Назарбаев федерацияның FIFA, UEFA және ұлттық ассоциациялармен байланысын үйлестірмек.

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ның бұған дейінгі басшысы Ерлан Қожағапановтың жұмысын жиі сынап, оның қызметінен кетуін талап еткен. Назарбаев ҚФФ-ны басқаруға өз кандидатурасын да ұсынған.

Өткен жылы қазанның соңында Ерлан Қожағапанов "өз еркімен" қызметінен кетіп, орнына Сейілдә Байшақов сайланған.

XS
SM
MD
LG