Ауғанстанның оңтүстігінде полиция қызметкері бақылау-өткізу пунктінде 11 қызметтесін ұйықтап жатқан жерінде атып тастады.
Гильменд уәлаяты губернаторының баспасөз хатшысы Омер Звак бұл оқиғаның 27 ақпан күні кешке уәлаяттың әкімшілік орталығы Лашкар Гах қаласында болғанын хабарлады. Звак әріптестерін атып өлтірген полицейдің қаза тапқандардың қару-жарақтарын алып, қызмет көлігімен қашып кеткенін айтты. Болжам бойынша, полицей бұл шабуылды мойнына алған "Талибан" қозғалысына қосылмаққа қашып кеткен.
"Ауған әскери қызметкерлері мен полицейлерінің өз әріптестеріне немесе халықаралық коалиция әскерилеріне шабуылдауы Ауғанстанда үлкен проблемаға айналған.
Ауғанстанда күш алып келе жатқан "Талибан" қозғалысымен күресіп жатқан ауған қауіпсіздік күштері адам шығыны мен әскери қызметтен жаппай қашуға байланысты мұндай оқиғалармен күрес шараларын қабылдап жатыр.
Лашкар Гах - Гильменд уәлаятындағы үкімет бақылауында тұрған аз ғана аудандардың бірі.