Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Сирия билігіне санкция салу қарсылыққа ұшырады


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі.

Ресей мен Қытай Батыс елдерінің Сирия үкіметін химиялық қару қолданып шабуыл жасағаны үшін жазалау талпынысына кедергі келтірді. 28 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беруде Мәскеу мен Пекин алты жылға ұласқан соғыста улы газдарды қолданып шабуылдар жасауға қатысты деп саналатын Сирия үкіметінің мүшелеріне, әскери командирлерге, компаниялар мен басқа да ұйымдарға санкция салатын қарар жобасын қабылдамай тастады.

Қауіпсіздік кеңесіндегі дауыс беру Дональд Трамп АҚШ президенті болғанынан кейінгі Мәскеу мен Вашингтонның алғашқы текетіресі болып отыр. Трамп бұған дейін Ресеймен Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күресте ынтымақтасқысы келетінін мәлімдеген.

Дауыс беруден соң АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли "Бұл - кейбір мүшелері басқа елдердің өз азаматтарын өлтіргенін ақтайтын Қауіпсіздік кеңесі үшін қайғылы күн. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Владимир Сафронов Ресейдің атына айтылған сынды "ерсі әрекет" деп атады. Дауыс беру алдында Ресей президенті Владимир Путин "қазір санкция салудың жөнсіз екенін", себебі ол Сирия бейбіт келіссөзіне нұқсан келтіретінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG