Accessibility links

ЕО украин азаматтарының одақ аумағына визасыз кіруіне келісті


ЕО мен Украина тулары (Көрнекі сурет).
ЕО мен Украина тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті мен Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің басшылығы Украина азаматтарының ЕО аумағына визасыз кіруіне рұқсат беру туралы келісім жасасты.

Еуропа парламентінің 1 наурызда таратқан мәлімдемесіне қарағанда, келісім бойынша биометриялық паспорттары бар украиндықтар ЕО аумағына 180 күн ішінде 90 күнге дейін визасыз келіп-кетіп, жүріп-тұра алады. Жеңілдік бизнес, туризм және отбасымен демалу мақсатында жарамды.

Украиндықтар елдің шығысында Ресей қолдайтын сепаратистермен соғыс басталған соң ЕО-ға визасыз сапарлауды асыға күткен. Олар визасыз кіру келісімін Украинаның ЕО-мен жақынырақ байланыс жасауының символы көреді.

Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер осы айдың басында ЕО мен Украина арасындағы визасыз режим туралы келісім биыл жазда күшіне енуі мүмкін деп болжайтынын айтқан.

Дегенмен, келісімді әлі ЕО мен оған мүше елдердің парламенттері мақұлдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG