Accessibility links

Жүзуден Азиада жүлдегерлері Құлыбаевтан көмек сұрады


Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасының экс-мүшесі Амина Ермаханова Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. 1 наурыз 2017 жыл.
Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасының экс-мүшесі Амина Ермаханова Алматыда өткен баспасөз мәслихатында. 1 наурыз 2017 жыл.

Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтан көмек сұрады.

Олар Қазақстан синхронды жүзу құрамасының бас бапкері Жанна Демченконың жұмысына көңілдері толмайтынын айтады.

- 2013 жылы Барселонада (Испания-ред.) өткен әлем чемпионатына барғанда тамағымыздың өзіміз алдық. Виза мен сақтандыру құжаттарын да өзіміз төледік. 2006 және 2010 жылы Азия ойындарында қола медаль алдық. Бірақ қола медаль үшін берілетін сыйақыны алмадық. Жарыстарға киетін костюмдерді де өзіміз сатып алдық. Олардың құны 200-400 доллар тұрады. Қазақстан құрамасының бас бапкері Жанна Демченко барлығын өзі реттеп отырды. Қазақстан синхронды жүзу құрамасының нәтижесі 2013 жылмен салыстырғанда еш өзгерген жоқ. Сондықтан Қазақстандағы синхронды жүзу спортын құтқару үшін Тимур Құлыбаевтан көмек сұраймыз, - дейді спортшылардың бірі Амина Ермаханова.

Спортшылар осы іске қатысты қазір жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тексеріс жүргізіп жатқанын айтты.

Азаттық тілшісі синхронды жүзуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Жанна Демченкоға бірнеше рет хабарласқанымен телефон қоңырауына жауап бермеді.

Ал, Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы әлеуметтік желіде бұл істің тексерілетінін жазған.

XS
SM
MD
LG