Accessibility links

Путин: Ресейдің допингке қарсы жүйесінің сәтсіздікке ұшырағаны рас


Ресей президенті Владимир Путин 2019 жылғы Қысқы универсиадаға дайындыққа арналған жиында сөйлеп отыр. Красноярск, 1 наурыз 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің допингке қарсы жүйесінің сәтсіздікке ұшырағанын мойындады. Красноярскіде 2019 жылғы Универсиадаға дайындыққа арналған жиында сөйлеген Путин Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) мәлімдемесі мен канадалық профессор Ричард Маклареннің тәуелсіз комиссиясының есебіне олардың "жұмыстарында жаңсақтық жібергеніне" қарамастан құлақ асуға шақырды.

"Бұл - біздің кінәміз" деген Путин Ресей спортында "допинг қолданудың айқын расталған оқиғалары" барын айтып, оларды мойындауға және кінәлілерді анықтап, тексеру жүргізуге шақырды.

Макларен есебінің екінші бөлімі 2016 жылы 9 желтоқсанда жарияланған. Онда 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиадада мыңға тарта ресейлік спортшының допиг сынағында қитұрқылық жасағаны айтылады. Есепте бұдан өзге, Мәскеудің допингке қарсы зертханасының қызметкерлері допинг бары анықталған сынамаларды жасырды деп айыпталған.

Бұдан соң Ресей 2017 жылы бобслей мен скелетоннан әлем біріншілігін өткізу құқығынан айырылды. Ал Ресей биатлоншылар одағы осы маусымда Түменде әлем кубогының кезеңін өткізбеуге шешім қабылдады. Кейін WADA баяндамадағы айғақтың жеткіліксіз болғанын мойындаған.

Макларен баяндамасының алғашқы бөлімі шыққан соң Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік 100 шақты спортшыны Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан шеттеткен. Ресей құрамасы сонымен бірге Паралимпиада ойындарына да қатыстырылған жоқ.

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG