Accessibility links

Кабулда екі жарылыс болып, бір адам қаза тапты


Құтқарушылар Кабулдегі жарылыстан жараланған адамды алып барады. Ауғанстан, 1 наурыз 2017 жыл.
Құтқарушылар Кабулдегі жарылыстан жараланған адамды алып барады. Ауғанстан, 1 наурыз 2017 жыл.

Кабулде бүгін екі жарылыс болып, кем дегенде бір адам қаза тапты деп хабарлады ресми билік. «Талибан» қозғалысының ресми өкілі екі шабуылдың да жауапкершілігін мойнына алып, содырлардың Кабулда үш нысанға шабуылдағанын мәлімдеді.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі баспасөз хатшысының орынбасары Наджиб Даништің айтуынша, Кабулдың алтыншы ауданында орналасқан полиция бөлімінің кіреберісінде жанкешті жарылыс жасап, артынша қауіпсіздік күштері мен қарулы адамдар арасында атыс болған.

Ауғанстан денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері Мохибулла Зир жарылыстан бір адам қаза тауып, 37 адам жараланғанын айтты. Полиция бөліміне жақын маңда әскери училище орналасқан. Наджиб Даниш қазір тазалау операциясы жүріп жатқанын айтады.

Екінші жарылыс ұлттық барлау қызметінің ғимаратында болды. Даништің ақпаратына қарағанда, жанкешті жасаған бұл шабуылдан кем дегенде екі адам жараланған.

Өткен айда Кабулдегі Жоғарғы сот жанында жанкешті жарылыс жасап, 20 адам қаза тапқан. Ол шабуылдың жауапкершілігін «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG