Accessibility links

Түрмеден шыққан Ильдар Дадин Мәскеуге оралды


Ильдар Дадин (оң жақта) мен әйелі Анастасия Зотова. Рубцовск, Алтай өлкесі, Ресей, 26 ақпан 2017 жыл.
Ильдар Дадин (оң жақта) мен әйелі Анастасия Зотова. Рубцовск, Алтай өлкесі, Ресей, 26 ақпан 2017 жыл.

Ресейлік оппозициялық белсенді Ильдар Дадин әйелімен бірге бүгін Мәскеуге ұшақпен жетті. Ол осыдан үш күн бұрын Алтай өлкесіндегі Рубцовск қаласындағы түзеу колониясынан босап шыққан.

Мәскеудің Домодедово әуежайында Дадинді достары мен журналистер қарсы алды. Тұтқыннан босап шыққан оппозициялық белсенді Ресейде құқық қорғау қызметімен айналыспақ ниеті барын мәлімдеді.

34 жастағы Ильдар Дадин - Ресейде рұқсат етілмеген қарсылық акцияларына бірнеше рет қатысқаны үшін қылмыстық кодексте қарастырылған бап бойынша сотталған алғашқы тұтқын. Дадин тұтқында отырған кезде Ресейдің Карелия аймағындағы түрмеде өзін азаптағаны туралы мәлімдеген. Бұдан кейін оны Алтай өлкесіндегі түзеу колониясына ауыстырған. Биыл ақпанның 22-сі күні Ресей жоғарғы соты Дадинге қатысты қылмыстық істі жабу және белсендіні дереу босату жайлы қаулы шығарып, ақпанның 26-сы күні белсенді түрмеден бостандыққа шыққан.

XS
SM
MD
LG