Accessibility links

Германияда Ирак офицері кесілген баспен суретке түскені үшін сотталды


"Ислам мемлекеті" ұйымының туы салынған қабырғаның жанында кетіп бара жатқан Ирак сарбазы (Көрнекі сурет).
"Ислам мемлекеті" ұйымының туы салынған қабырғаның жанында кетіп бара жатқан Ирак сарбазы (Көрнекі сурет).

Ирак армиясының бұрынғы офицері, Германиядан пана сұраған әскери қызметкер Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының екі содырының кесілген бастарын қолына ұстап суретке түскені үшін 20 айға шартты мерзімге сотталды. Ол өткен жылы қарашада халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын бұзғаны үшін ұсталып, 2015 жылы Иракта экстремистермен соғысқан кезінде адамды қорлады деп айыпталған.

Ирактың бұрынғы сарбазы Германияға сол жылы барған. Берлинде өткен сотта айыпталушы Тикрит маңында болған соғыста ИМ-нің екі содырының өлі денесін тауып алып, олардың басын кескенін мәлімдеді. Ол өзге офицерлер өзінен кесілген бастарды суретке түсіру үшін ұстап тұруды сұрағанын және "қысымға көніп қалғанын" айтты.

XS
SM
MD
LG