Македония президенті Георге Иванов оппозициялық Социал-демократиялық одағының жетекшісі Зоран Заевке оның парламентте көпшілік коалиция құра алғанын дәлелдейтін құжаттарын көрсеткеніне қарамастан жаңа үкімет құруды тапсырмауға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ұлтшыл ВМРО-ДПМНЕ партиясының мүшесі Иванов бұл шешімі туралы 1 наурызда Скопьеде өткен баспасөз конференциясында айтты.
Заев этникалық албандардың үш саяси партиясының парламенттегі 120 депутаттың 67-сі қолдау білдіретіні туралы қол қойып берген құжатын көрсеткен. Македония конституциясына сай, президент қуатты коалицияға парламенттегі дауыс беру алдында үкіметті жасақтауға мандат беруге міндетті.
Албан партиялары Заевке ол Македонияда албан тілінің қолдану аясын кеңейту туралы заң қабылдаған жағдайда қолдау көрсететінін білдірген.
Президент Иванов Заевке үкіметті жасақтауға "ол жүргізген келіссөзде шетел мүддесі болғандықтан" рұқсат бермегенін айтып, коалициядағы өзге тараптардың албан тіліне қатысты талабын меңзеді.