Accessibility links

АҚШ: Ресей Сирия араб коалициясы шептерін байқаусызда бомбалады


Стивен Таунсенд, Сирия мен Ирактағы АҚШ әскерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант.
Стивен Таунсенд, Сирия мен Ирактағы АҚШ әскерінің қолбасшысы, генерал-лейтенант.

АҚШ-тың Ирак пен Сириядағы әскери қолбасшылығы Ресей әскери-әуе күштері "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысқа қатысып жатқан, АҚШ қолдайтын Сирия араб коалициясының шептерін байқаусызда бомбалағанын мәлімдеді. АҚШ армиясының генерал-лейтенанты Стивен Таунсендтің хабарлауынша, ресейлік ұшқыштар Алеппоның солтүстік-шығысындағы әл-Баб ауданында ИМ-нің шептерін бомбалап жатырмыз деп ойлап қалса керек. Ол қателік аймақтағы соғыс жағдайы күрделі болғандықтан кетуі мүмкін дейді.

Таунсендтің сөзіне қарағанда, бұл ауданда шын мәнінде үш армия мен жаудың әскері бір километр аумақта шоғырланған. Ол америкалық әскери кеңесшілер бомбаланған жерден шамамен төрт километр қашықтықта болғанын және АҚШ пен Ресей арасында мұндай оқиғалардың алдын алу үшін орнатылғна арнайы байланыс арналарын пайдаланғанын айтты. Генерал Ресей жағы америкалық әскерилердің ескртуіне дереу жауап қатып, бомбалауды тоқтатқанын айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі АҚШ Вашингтон қолдайтын сириялық оппозиция күштері орналасқан деп көрсеткен территорияға "Ресей, болмаса Сирия авиациясы әуеден соққы бермегенін" мәлімдеді. Таунсендтің пікірінше, Ресей әскери қолбасшылығы ИМ шептеріне шабуылдап жатырмыз деп тұспалдаған болуы мүмкін. Бірақ әуе шабуылы басталар алдында ИМ содырлары елді мекенді тастап шығып, оның орнына Сирия араб коалициясының жасақтары орналасқан.

XS
SM
MD
LG