Accessibility links

KASE-де валютамен сауда жасау уақытша тоқтатылды


Теңге мен доллар (Көрнекі сурет).
Теңге мен доллар (Көрнекі сурет).

Қазақстан қор биржасы (KASE) ресми сайтында шетел валютасымен сауда жасаудың уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Ресми мәлімет бойынша, таңертеңгілік сессияда валютамен сауда жасау техникалық себептерден тоқтатылған.

2 наурыздағы АҚШ долларының ресми бағамы 313 теңге 79 тиынды құрады. 1 наурызда биржада таңертеңгі және кешкі сессияларда 153 миллионнан астам доллар, 100 мың еуро, 34 миллион Ресей рублі мен 300 мың юань сатылған.

Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінде бүгін доллар 315-316 теңгеден сатылып жатыр.

Соңғы апталарда теңгенің долларға шаққандағы бағамы көтеріле түскен. Ұлттық банктің бағалауынша, ақпанда теңге 3,5 пайызға, ал жыл басынан бері 6,2 пайызға нығайған.

1 наурызда өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге бағамының нығаюын мұнай бағасының көтерілуімен, Ресей рублі бағамының артуымен және маусымдық фактор - "салық төлеу апталығының" басталуымен байланыстырған. Ақышев сонымен қатар теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі аяқ астынан және үлкен девальвацияның болуына мүмкіндік бермейді дейді. Қазақстан билігі теңге бағамын 2015 жылы тамызда еркін айналымға жіберген.

XS
SM
MD
LG