Accessibility links

Астанада 14 наурызда Сирия бейбіт келіссөзінің келесі кезеңі өтпек


Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 16 ақпан 2017 жыл.
Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзіне қатысушылар. 16 ақпан 2017 жыл.

Астанада 14 наурызда Сирия бейбіт келіссөзінің келесі кезеңі өтеді деп хабарлады келіссөзге жақын дереккөздеріне сілтеме жасаған ресейлік агенттіктер. Келіссөзге Сирия үкіметі мен оппозицияшыл күштер, Ресей, Иран мен Түркия өкілдері қатысып жатыр.

14 наурызға белгіленген келіссөзге Сирия үкіметі мен оппозицияның қатысатыны әзірге хабарланбады. Тағы бір дереккөзінің ақпаратына қарағанда, бұл жиын техникалық мәселелер талқыланатын келіссөз болмақ.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Астанада қаңтарда және ақпанда өткен келіссөздер БҰҰ бастаған Женевадағы келіссөзде алға ілгерілеуге септескенін мәлімдеген.

Өткен жылдың соңында Сирияда президент Башар Асад күштері мен оппозицияшыл топтар арасында қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, оған қосылмаған "Ислам мемлекеті" сияқты экстремистік ұйымдармен соғыс әлі жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG