Accessibility links

БАҚ: Джефф Сешнс өткен күзде Ресей елшісімен кездескен


Джефф Сешнс, АҚШ бас прокуроры.
Джефф Сешнс, АҚШ бас прокуроры.

АҚШ прокуроры Джефф Сешнс сенатор болып тұрғанында Ресей елшісі Сергей Кислякпен екі рет кездескен деп хабарлады әділет министрлігінің қызметкерлеріне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралдары.

Кездесулер өткен жылы күзде - БАҚ Ресейдің Дональд Трамптың президент сайлауына кандидатурасын қолдап АҚШ-та кибершабуылдар жасап жатқаны туралы хабарлаған кезінде болған. Джефф Сешнс ол кезде Трамптың белсенді қызметкерлерінің бірі болған.

Бұл фактіге конгресте Джефф Сешнстің бас прокурор қызметіне кандидатурасын талқылау кезінде Сешнс "2016 жылғы президент сайлауы кампаниясы кезінде Ресей билігінің өкілдерімен ешқандай байланысым болмады" дегенінен көңіл бөліне бастады.

АҚШ-та бас прокурор ішкі істер министрлігін де басқарады және Федералдық тергеу бюросының (FBI) қызметін бақылайды. FBI қазір Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына килігуін тексеріп жатыр.

Демократ сенатор Эл Франкен Washington Post газетіне берген сұхбатында Джефф Сешнс бұл тергеуге басшылық жасамауы тиіс екенін айтты. Басылымның жазуынша, бұл ақпар сайлауға Ресейдің килігуін тексеру үшін арнайы прокурорды тағайындауға түрткі болуы мүмкін.

Өткен айда Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майкл Флинн Ресей елшісімен телефонмен сөйлескенінде Ресейге қарсы санкцияларды талқылағаны анықталған соң отставкаға кеткен. Ол отставкаға кетпей тұрып елшімен санкция жайын талқылағанын жоққа шығарған еді.

XS
SM
MD
LG