Accessibility links

Минск түбіндегі тарихи орынға жақын құрылыс уақытша тоқтатылды


Минск түбіндегі Куропаты орманына жақын жерде бизнес орталығын салуға қарсы белсенділер. Беларусь, 28 наурыз 2017 жыл.
Минск түбіндегі Куропаты орманына жақын жерде бизнес орталығын салуға қарсы белсенділер. Беларусь, 28 наурыз 2017 жыл.

Минск билігі қала іргесіндегі сталиндік репрессия құрбандары жерленген орманға жақын жерде бастаған құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатуға келісті. Минск түбіндегі Куропаты орманына жақын жерде бизнес орталығын салуға қарсылық білдірген белсенділер екі аптадан бері наразылық акцияларын өткізіп келген. Кеше белсенділер делегациясы қарсылық білдірушілердің талаптарын талқылау үшін қалалық атқару комитетінің төрағасы Андрей Шорацпен кездескен.

Курапаты орманында 1930-1940 жылдары совет билігі атып тастаған 30 мыңға тарта адам жерленген және мемлекеттік тарихи-мәдени орындар тізіміне енгізген.

Ондаған наразы адам 20 ақпанда орманға жақын жердегі құрылысқа баратын жолды жауып, ол жерде палаткадан тұрғызылғна қалашықтарды қиратқан. Олар Куропаты орманына жақын құрылыс сталиндік репрессия құрбандарын қорлау деп санайды.

Кездесуге қатысқан белсенділер Азаттыққа кездесу қорытындысында Шорецтің құрылысты бір аптаға тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтты. Олардың сөзінше, Шорец құрылысты бұл мәселе бойынша қоғамдық талқылау өткізген соң ғана қайта бастауға уәде берген. Бірақ демонстранттар бұған дейін наразылық өткізіп жатқан аумақты құрылыс толық тоқтатылмайынша кетпейтінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG