Accessibility links

Мәскеуде Немцов қаза тапқан жерден естелік заттарды тағы алып кетті


Мәскеудің орталығындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан әйел. 27 ақпан 2017 жыл.
Мәскеудің орталығындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан әйел. 27 ақпан 2017 жыл.

Мәскеуде ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцов қастандықпен өлтірілген көпірге жұрт қойған гүлдер, портреттер мен шырақтарды тағы да жинап алып кетті. Ол заттарды көлікке тиеп алып кеткен белгісіз адамдар «Гормост» кәсіпорны қызметкерлері болуы мүмкін деген халықтық мемориал атанып кеткен жерде кезекшілік ұйымдастырған азаматтық белсенділер. Бұл туралы «Эхо Москвы» радиосы хабарлады.

Осыдан екі жыл бұрын Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге азаматтар гүлдер, саясаткердің портреттері мен шырақтар қоюды дәстүрге айналдырған. Билік ол жердегі заттарды бірнеше рет бұзып, алып тастаған.

Ақпанның 27-іне қараған түні осы жерде алды адамды ұстаған, ал соның алдында Борис Немцовты еске алу шеруіне қатысушылар саясаткер оққа ұшқан жерге қойған барлық гүлдерді «Гормост» қызметкерлері жинап, алып кеткен.

Борис Немцовты 2015 жылғы ақпанның 27-сі күні кешке Кремль іргесіндегі көпір үстінде атып өлтірген. Оппозициялық саясаткер қаза тапқан жерге естелік тақтайша орнату туралы бастамашыл топ көптен бері ұсыныс білдіріп жүр, бірақ Мәскеу билігі ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG