Accessibility links

Қазақстанда бензин тағы қымбаттады


Қазақстандағы жанармай құю бекеті (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы жанармай құю бекеті (Көрнекі сурет).

Қазақстанда бензин бағасы тағы да қымбаттады деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Ірі жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензинінің бір литрі 140 теңгеден 143 теңгеге қымбаттаған. АИ-95 және АИ-96 маркалы бензиннің литрі 155 теңгеден сатылып жатыр. Бұрын бұл бензиннің литрі 152-154 теңге болған. АИ-95 Prime және АИ-98 маркалы бензиннің бағасы 164-165 теңге болған.

Қазақстанда бензиннің біраз түрінің бағасын мемлекеттік реттеу 2015 жылы жойылған. Бұған дейін бензин бағасы өткен айдың ортасында қымбаттаған.

Бүгін энергетика министрі Қанат бозымбаев Астанадағы үкімет баспасөз конференциясында қазіргідей бағадағы бензин Ресейден жеткізілетінін және Ресей нарығына тәуелділік әлі сақтала беретінін мәлімдеген. Министрдің ақпаратына қарағанда, Қазақстан АИ-92 маркалы бензиннің 30 пайызын Ресейден импорттайды. Ол бензин бағасын бір қалыпта ұстап тұру жанармай тапшылығына әкеліп соқтыратынын айтады.

"Біз, әрине, жанармай құю бекеттеріндегі бағаны қайта реттей аламыз, бірақ ол неге әкеліп соқтырады?... Импорттаушылар шығынға батып бензин жеткізбейді, сосын 30 пайыздық тапшылық басталады. Біз мұны бастан өткергенбіз. Бензин сәл қымбат, бірақ бар. Бұл бензин арзанырақ, бірақ жоқ кездегіден әәлдеқайда жақсы" деді Бозымбаев.

XS
SM
MD
LG