Accessibility links

Ресей Франциядан экс-банкир Пугачевті экстрадициялауды сұрады


Ресейлік бұрынғы банкир және Ресей федерация кеңесінің Тувадан сайланған бұрынғы мүшесі Сергей Пугачев.
Ресейлік бұрынғы банкир және Ресей федерация кеңесінің Тувадан сайланған бұрынғы мүшесі Сергей Пугачев.

Ресей бас прокуратурасы Франция әділет министрлігінен бұрынғы банкир және Ресей федерация кеңесінің Тувадан сайланған бұрынғы мүшесі Сергей Пугачевті экстрадициялауды сұрағаны туралы хабарлады.

Ресей бас прокуратурасы ресми өкілі Пугачевке аса ірі көлемдегі өзгенің мүлкін иемденіп кеткен немесе талан-таражға салған, сонымен бірге қызмет өкілетін теріс пайдаланып, салдарынан 90 миллиард рубльдің зиянын шектірген деген айып тағылғанын еске салды. Ол сонымен бірге Пугачевтің ісі бойынша жапа шегуші болып саналатын салымшылар қаржысын сақтандыру агенттігі (АСВ) аталған сомаға азаматтық талап-арыз бергенін де айтты.

2016 жылы мамырды АСВ талабы бойынша Францияда, Люксембургте және Кайман аралдарындағы Пугачевтің активтері бұғатталған.

Сергей Пугачев 2011 жылы дипломатиялық паспортын пайдаланып Ресейден шетелге кетіп қалған. Ресей президенті Владимир Путиннің көп жылғы досы, бұрынғы банкир әрі Ресей федерация кеңесінің Тувадан сайланған бұрынғы мүшесі Пугачев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Пугачев жеке өзіне және банкіне қарсы істі «бизнесімді талқандап, дүние-мүлкімді мемлекет иелігіне алуды көксеген Кремльдің әрекеті» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG