Accessibility links

Франция президенттігіне кандидат Макрон сайлау бағдарламасын жариялады


Эммануэль Макрон.

Франция президенттігіне кандидат Эммануэль Макрон елді 21-ғасырға енгізуге уәде етті. Бұл туралы ол сайлауалды бағдарламасын таныстырған кезде мәлімдеген. Тәуелсіз центрист кандидаттың бағдарламасында шығысты қысқартып, жұмыс орнын көбейту, сонымен бірге «болашақ экономикасына» инвестицияны ұлғайту көзделген. Макрон белгілеген басымды бағыттар арасында білім, қауіпсіздік, экономиканы жетілдіру және Францияның халықаралық аренадағы процестерге араласуы аталған.

Макрон кедей аймақтардан қызметкер жалдаған компанияларға субсидия бөлуді ұсынады. Сонымен бірге ол жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу ережесін қатайтуды қолдайды. Ол еңбек биржасы ұсынған жұмыстан екі мәрте бас тартқан азаматқа мемлекет ақша төлемеуі тиіс деп санайды. Бұған қоса Макрон зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы. Білім туралы сөзінде Макрон мектептерге назар бөлуге уәде етіп, мұғалімдердің оқыту әдісін таңдау еркіндігін кеңейтуді ұсынды.

Қазіргі уақытта Франциядағы прездиенттік сайлаудың фавориті саналатын Эммануэль Макрон 2014 жылдан 2016 жылға дейін Франция экономика министрі болып істеген. Қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, Макрон сайлаудың бірінші турында әсіре оңшыл Марин Ле Пенге жол беріп, алайда екінші кезеңде жеңіске жетеді деген болжам жасалып отыр.

Францияда президент сайлауы сәуірдің 23-іне белгіленген.

XS
SM
MD
LG