Accessibility links

Мәскеу Пальмираның ИМ-нен қайта азат етілгенін жариялады


Пальмирадағы Сирия үкіметі әскерінің шабуылы. 2 наурыз 2017 жыл.
Пальмирадағы Сирия үкіметі әскерінің шабуылы. 2 наурыз 2017 жыл.

Ресей билігінің мәлімдеуінше, Сирия әскері Пальмира қаласын "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларынан қайтадан тартып алып, бақылауын орнатты. Ресейлік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинге Сирия президенті Башар Асадтың күштері Ресей әскерінің көмегімен қаланың көне бөлігіне қайта бақылау орнатқанынан хабар берген.

ИМ содырлары Пальмираға 2015 жылы мамырда басып кіріп, бірден тарихи ескерткіштерді қирата бастаған. Өткен жылы наурыздың соңында Сирияның үкімет әскері Ресей авиациясының көмегімен Пальмираның көне аудандарын қайтарып алғанымен, сол жылдың желтоқсанында қаланың көп ауданын ИМ содырлары қайта басып алған. Содырлар қазірге дейін ежелгі Пальмираның тарихи ескерткіштері, мүсіндері мен ғимараттарының көп бөлігін қиратқан болуы мүмкін деген жорамал бар.

XS
SM
MD
LG